Accessibility links

Йемен жікшілдері соғысты тоқтату жағдайын қабыл алған


Йеменнің солтүстігіндегі шиит көтерілісшілерінің жетекшісі егер өздеріне қарсы шабуыл тоқтаса, үкіметтің атысты тоқтату ұсынысын қабылдайтындықтары туралы аудио таспасын интернетке шығарған.

Бұл жікшіл топтың көтерілісшілері 2004 жылдан бері үкіметтік күштермен қақтығысып келеді. Өткен жылы тамыз айында әскерилер көтерлісшілерге қарсы операция жүргізген болатын.

Халықаралық қайырымдылық көрсету ұйымдарының айтуынша, 2004 жылдан бері бұл аймақтағы қақтығыстан қорғанып, 150 мың адам басқа жаққа көшіп кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG