Accessibility links

Мәскеуде еркін жиналу құқын қорғаған митинг өтеді


Бүгін Ресей астанасында оппозиция белсенділері мен құқық қорғаушы топтар биліктің тыйым салуына қарамастан, еркін жиындар өткізу құқын қорғап митинг өткізбекші.

Алаңда өтетін бұл шараға Хельсинки тобының Мәскеудегі орталығының жетекшісі Людмила Алексеева, "Другая Россия" коалициясы жетекшілерінің бірі Эдуард Лимонов, "Левый фронт" қозғалысының өкілі Константин Косякин қатыспақшы.

Бұл акцияны "Мемориал" құқық қорғаушы қауымдастығы мен Адам құқы үшін қозғалысы да қолдап отыр.

Ресей оппозициясының осыған дейінгі 31 желтоқсандағы митингісін милиция таратып, ондаған адам қамауға алынған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG