Accessibility links

Карзай талибандарды қаруларын тастауға шақырды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай бүгін талибан жауынгерлеріне қаруларын тастап, ауған заңын қабылдауға шақырды. Ол ауған үкімет елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін қолдан келгенін жасауға дайын деді.

Кабулдағы баспасөз мәслихатында сөйлеген Карзай өзінің бітімге келу ұсынысы әл-қаида содырларына қатысты емес екенін қайталап, террористерге Ауғанстанда орын жоқ деді.

Оның бұл мәлімдемесі осыдан бірнеше күн бұрын президент Карзай мен оның батыстық одақтастары талибан бүлікшілерін қоғамдық негізгі шараларға қатыстырып, олардың қақтығысын тоқтататындай толық бағдарлама жасауға келіскен соң айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG