Accessibility links

Корей елдері шекарадағы атыстан соң келіссөздерін қайта бастайды


Оңтүстік және Солтүстік Корея елдері осы аптада шекарада болған атыстарына қарамастан, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келіссөздерін дүйсенбі күні қайта жалғастырады.

Ресми Сеулдің өкілі өз делегациясының солтүстік кореялық Кэсон қаласына өту жоспарын Пхеньян мақұлдады деді. Осының алдындағы екі елдің өнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі келіссөздері 21-ші қаңтарда сәтсіз аяқталған.

Бұларада оңтүстік кореялық ақпарат агенттігі БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун ұйым мен Пхеньян арасындағы тоқтап қалған қайырымдылық келіссөздерін қайта бастау мәселесін талқылау үшін Солтүстік Кореяға екі арнайы өкілін жібереді деп хабарлады. Олар сонымен қатар Солтүстік Кореяның тұралап қалған ядролық қарусыздану келіссөздерін қалпына келтіруді сөйлеспекші.
XS
SM
MD
LG