Accessibility links

Пәкістандық «Талибан» көсемнің өлімін жоққа шығарды


Пәкістандық «Талибан» қозғалысы өзінің көсемі Хакимулла Мехсудтың өлімі туралы мемлекеттік телеарналар таратқан ақпаратты жоққа шығарды.

Қозғалыс өкілі «Рейтер» агенттігіне берген сұхбатында Мехсуд американдық әуе соққысы кезінде ауыр жараланып, соның салдарынан қайтыс болды, жерленді деген ақпаратты «нағыз өтірік» деп атады.

Мехсудтың өлімі туралы ақпаратты дәлелдейтін дербес дерек жоқ. Пәкістандық әскердің өкілдері хабарды тексеретіндігін мәлімдеді. «Әл-Қаида» террорлық жүйесімен байланысы бар Мехсуд басқаратын қозғалыс соңғы айларда Пәкістанда тіркелген бірқатар жарылыстар мен шабуылдарды өз мойнына алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG