Accessibility links

«Дарьял-У» станциясында қиранды басып қалған кісінің мәйіті табылды


Қарағанды облысының Балқаш қаласына жақын маңдағы бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық станциясының аумағындағы ғимараттың қирандысы астынан 31 қаңтарда тағы бір кісінің мәйіті табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлады.

22 қаңтар күні қорғаусыз әскери нысанның құрылыс материалдарын алып жатқан бірнеше адамды бетон плиталары басып қалды. Үйінді астында қалған үш кісінің алғашқысының мәйіті 28 қаңтарда табылған болатын.

Хабарларға қарағанда, төтенше оқиғадан төрт кісі қаза болды, бетонның астында қалған бір адам құтқарылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG