Accessibility links

Қазақстан Гаитиге гуманитарлық көмек береді


Қазақстан зілзаладан зардап шеккен Гаитиге қаржылай көмек бөледі деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Министрлік таратқан ақпарат бойынша, «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасынан кейін үкімет жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Гаити тұрғындарына 100 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек беруге шешім қабылдады».

Гаити билігі 12 қаңтардағы зілзаладан қаза болғандар саны 150 мыңға жақындағандығын жариялады.
XS
SM
MD
LG