Accessibility links

Мұхтар Әблязов Қытай билігіне Тимур Құлыбаев туралы хат жазды


«БТА Банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Қытай билігіне «Самрұқ-Қазына» ұлттық қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевтың қытайлық корпорациялардан пара алған делінген фактіні тексеруін сұрады деп хабарлады ҚазТАГ. Әблязовтың хаты ҚХР-ның төрағасы Ху Цзиньтаоның, сондай-ақ бірқатар қытайлық басшылардың атына жазылған.

Дүйсенбі күні жарияланған жолдауында Әблязов «Қазақстан үкіметі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның акцияларының тұйықталған пакеті сатылатындығын жариялаған соң CNPC оффшорлық CNPC International (Caspian) Ltd кәсіпорынын құруға мәжбүр болды, оның 49 пайыз үлесі кейін Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы оффшорлық Darley Investment Services Inc компаниясына бар болғаны 49 долларға сатылды» деп жазды.

Әблязовтың мәліметі бойынша, «кейін бұл 49 пайыз үлесті CNPC және оның құрамдас бөлімдері сатып алды, екі келісімшарттың аясында Darley Investment Services Inc жалпы көлемі 165,9 миллион доллар төледі».

Қазақстан билігі, сондай-ақ «Самрұқ-Қазына» ұлттық қоры Әблязовтың бұл ақпаратына қатысты әзірге ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG