Accessibility links

Иран судьясы саяси қысымға мән бермейтінін айтты


Иран судьясы Садеқ Ларижани үкіметке қарсы наразылық танытушыларына өлім жазасы берілсін деген қатаң саясат ұстанатындардың қысымына өзінің берілмейтінін айтты. Кез келген мұндай шешім заң негізінде шығарылады дейді Ларижани.

Иранда маусым айындағы даулы президент сайлауынан кейінгі толқуларға қатысқан екі адам өткен аптада дарға асылған болатын. Адам құқықтарын қорғаушы топтар мен Батыс елдері мұны айыптады. Қатаң саясат ұстанатындар елдің сот жүйесін көбірек оппозиция қолдаушылары мен наразылық танытушыларды өлтіруге шақырды. Мұндай талаптар саяси деп есептеледі және ол заң мен шариғатқа қайлы келеді дейді Ларижани.
XS
SM
MD
LG