Accessibility links

Украинадағы теледебатқа тек бір кандидат қатысты


Дүйсенбі күні өткізілген теледебатқа, Украина президенттігіне үміткер екі кандидаттың тек біреуі ғана келді. Украинаның премьер-министрі Юлия Тимошенко телестудияға келіп, аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Януковичтің келмеу себебіне түсініктеме бере отырып, «өзінің бос орынға телміріп отыруға мәжбүр» екендігін айтты.

«Маңыздысы, бұл бос орынның Украина президентінің орнын иеленіп алмауында», - деп атап өтті Ю.Тимошенко.

Бұдан ертерек, Виктор Янукович, Юлия Тимошенконы «өтіріктің чемпионатын ұйымдастыруда» деп айыптап, өзінің дебатқа қатыспайтындығын мәлімдеген болатын.

Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңі ақпанның 7 күні өтеді. Алғашқы кезеңде Виктор Янукович 35 пайыздан жоғары дауыс жинаған еді. Ал Юлия Тимошенконың көрсеткіші одан 10 пайызға төмен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG