Accessibility links

Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы допингтік тексеруден ойдағыдай өтті


Ванкуверде (Канада) өтетін XXI қысқы олимпиадалық ойындарда ел намысын Қазақстан құрамасына кіретін 37 спортшы қорғамақ. Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, бүгінде олардың барлығы допинг – тексерістен ойдағыдай өткен.

Қазақстан құрамасы олимпиадалық бағдарламаға кіретін 15 спорт түрінің тоғызынан бақ сынасады: биатлон, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, коньки тебу, трамплиннен шаңғымен секіру, тау шаңғысы, шаңғы акробатикасы және фристайл-могул.

Бұл ойындарда қазақстандық хоккейстер болмайды, өйткені олар Олимпиада ойындарының лицензиясына қол жеткізе алмады.

Өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстаннан 67 спортшы қатысқан еді, алайда ойын қорытындысы бойынша ел құрамасы бірде бір медаль жеңіп ала алмады.
XS
SM
MD
LG