Accessibility links

АҚШ Ресей белсенділерінің тұтқындалғанына алаңдаулы


АҚШ Ресейде үкіметке қарсы наразылық шарасын өткізген 100-ге жуық белсендінің тұтқындалғандығына байланысты алаңдаушылық танытты. Шерушілер демалыс күндері Мәскеудегі наразылық шарасы барысында біраз уақытқа ұсталып, кейін босатылған болатын. АҚШ мемлекеттік департаментінің айтуынша, Ресей билігінің бұл әрекеті сөз бостандығы мен адамдардың жиналу еркіндігіне қарсы қадам болған.

Оның алдында Еуропа Одағы Ресейді наразылық танытушыларға қатыгездік көрсетуін тоқтатуға шақырды. Жексенбі күні тұтқындалғандардың арасында Еуропа парламентінің адам құқықтары жөніндегі Сахаров сыйлығымен марапатталған Олег Орлов та болды деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG