Accessibility links

АҚШ азаматтары Пәкістан түрмесінде қинап-азапталғандарын айтуда


Пәкістанда лаңкестік шабуылдар жасамақшы болды деп айыпталған 5 американдық азамат сейсенбі күнгі сотта қамауда қинап-азапталғандарын айтып отыр. АҚШ азаматтарының адвокаты Тариқ Асадтың мәлімдеуінше, оның клиенттеріне электрошок қолданылған.

Американдықтар желтоқсан айында Исламабадтың оңтүстік-шығысындағы Саргодха қаласында тұтқындалған болатын. Ресмилердің айтуынша, электронды пошта арқылы жазылған хаттарға сәйкес бұл күдікті азаматтар Пәкістанда шабуылдарды жүзеге асыруды жоспарлаған Талибанмен байланысқан. Егер олар айыпты деп танылса, ұзақ мерзімді түрме жазаларына кесілуі мүмкін.

Қамауға алынған американдықтардың соты ақпанның 16-да жалғасады деп күтілуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG