Accessibility links

Иранда тағы 9 шеруші өлтірілуі мүмкін


Иран соты төрағасының орынбасары таяуда тағы 9 наразылық танытушыға шығарылған өлім жазасы жүзеге асырылады деп мәлімдеді. Иранның Фарс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ебрахим Раиси әлгі азаматтар ислам республикасының билігін құлатпақшы болды деп айыпталуда, сондықтан жақында олар өлтіріледі деген. Бұл азаматтар бейсенбі күні өлім жазасына кесілген болатын. Бірақ олардың адвокаттары алғашқы сот шешімін қайта қарау жөнінде шағым түсірген еді.

Өлім жазасына кесілген 9 азамат президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта салануына қарсы наразылық шерулері барысында қамауға алынды. Өткен аптада Иранда екі оппозициялық шеруші дарға асылды. Оларға да Иранның исламшыл билігін құлатпақшы болды деген айыптар тағылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG