Accessibility links

Құлыбаевқа қатысты айыптаулар жөніндегі БАҚ өнімдеріне тыйым салынды


Бұқаралық ақпарат құралдарының бизнесмен Мұхтар Әблязовтың президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қатысты айыптауларын жариялаған өнімдеріне тыйым салынып отыр. Бұл жөніндегі Алматы Медеу аудандық сотының шешімі шығарылғандығы сейсенбі күні мәлім болды.

Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов Тимур Құлыбаевты қытайлық компаниялардан пара алды деп айыптап отыр. Аталған сот шешімінде бұл шындыққа жанаспайтын деректер Тимур Құлыбаевтың ар-ожданына нұқсан келтіретіндіктен ондай ақпараттарды таратуға тыйым салынады делінген.

Тимур Құлыбаев "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасының орынбасары боп табылады және "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы", "Самұрық Энерго" компанияларының директорлар кеңесін басқарады.

Мұхтар Әблязов БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы қызметінінен алынған соң оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG