Accessibility links

Саудабаев: ЕҚЫҰ АҚШ-тың назарына мұқтаж


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстан мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-на АҚШ-тың назар аударуы қажет деп есептейді.

"ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейлі жиындарында АҚШ-тың болмауы нәтижесінде ұйымда дисбаланс пайда болғандығын және ұйымдағы үдерістердің баяулағандығын сондай-ақ ортақ ұйғарымға келу қиындап бара жатқандығын атап өткім келеді. ЕҚЫҰ осы ұйымның негізін қалаған маңызды елдердің бірінің назар аударуына мұқтаж", - деді Саудабаев Вашингтонда АҚШ Хельсинки комиссияның отырысында.

5 ақпанда Нью-Йоркте Саудабаев ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы мақсаттарына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйлейді және БҰҰ басшылығымен кездеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG