Accessibility links

Бейжіңнің ескертуіне қарамастан Обама Далай-ламамен кездеседі


АҚШ президенті Барак Обама, Қытайдың наразылығына қарамастан, тибеттік рухани көсем 14-ші Далай-ламамен кездеседі.

Бұл туралы сейсенбі күні Ақ үй өкілі Билл Бертон хабарлады. Кездесу уақыты әлі белгісіз. Бертонның айтуынша, АҚШ Тибетті Қытайдың бір аймағы деп таниды.

ҚХР-ның билігі бұған дейін Обаманы Далай-ламамен кездеспеуін сұраған еді. Бейжің Далай-ламаны Тибеттегі тәртіпсіздікті тудырушы және жікшіл деп айыптап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG