Accessibility links

Құлыбаевтың шағымы негізінде Әблязовқа қарсы іс қозғалуы мүмкін


Қаржы полициясы «Самрұқ-Қазына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың арыз-шағымы бойынша БТА Банктің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа қарсы қылмыстық іс қозғауы мүмкін. Бұл туралы сәрсенбі күні Астанада қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты шешім Құлыбаевтың аудандық сотқа түсірген шағымы негізіндегі сот процесінің нәтижесі бойынша қабылданатын болады.

Бұған дейін Алматы қаласы Медеу аудандық соты Құлыбаевтың ар-ожданына нұқсан келтіретін ақпаратты жариялауға тыйым салу, осындай мазмұндағы мәлімет таратқан БАҚ өнімін тәркілеу туралы шешім шығарған еді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG