Accessibility links

Иран уранын шетелге жіберуге дайын екенін айтты


Президент Махмуд Ахмадинежад Иран уранын шетелде байытуға әзір деп мәлімдеді. БҰҰ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі алаңдаушылықтарды жеңілдету үшін осындай талап қойған болатын. Хабарларға қарағанда, Ахмадинежадтың бұл мәлімдемесі Иран ұстанымының өзгере бастағанын көрсетуі мүмкін. Бұдан бұрын Иран ресмилері бұқаралық ақпарат құралдарында уранды шетелге шығару жоспарын сынап келген болатын.

Вашингтондағы ресмилердің айтуынша, егер Техран БҰҰ-ның жоспарын қабылдауға дайын болса, ол туралы Атом энергиясы бойынша халықаралық агентікке хабарлауы тиіс.
XS
SM
MD
LG