Accessibility links

Ташкент су электр станциясына қатысты Душанбеге ескерту жасады


Өзбекстан премьер-министрі тәжік әріптесіне хат жолдап, "Рогун" су электр станциясына байланысты Душанбеге ескерту жасады. Шавкат Мирзияевтің айтуынша, Тәжікстанның ірі "Рогун" су электр станциясында ақаулық болса, ол Орталық Азияның осал қоршаған орта тепе-теңдігіне қауіп төндіреді. Су тапшылығына тап болып отырған және зілзала қауіпі төніп тұрған бұл аймақта "Рогун" су электр станциясының апатты салдары болуы мүмкін деп ескертеді Мирзияев.

Өзбекстан премьер-министрі Тәжікстанды "Рогун" жобасын жақсылап зерттеуге шақырды. Ташкент егер бұл ескертуге Душанбе мән бермесе, осыған байланысты халықаралық қауымдастыққа қайырылатынын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG