Accessibility links

"Единая Россия" парламент спикері қызметінен кетсін дейді


Биліктегі "Единая Россия" партиясы премьер-министр Владимир Путинді сынағаны үшін парламент спикерін қызметінен кетуге шақырды. Бұл мәлімдемесін "Единая Россия" жетекшілерінің бірі Андрей Воробьев партияның интернеттегі парақшасында жариялаған.

"Справедливая Россия" партиясын басқаратын парламент спикері Сергей Миронов теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Путин ұсынған бюджетке өзінің "үзілді-кесілді" қарсы екенін айтқан болатын.

Алайда сыншылардың пікірінше, Миронов өз қызметінде қалады. Олар "Единая Россия" партиясының әрекеті сыншыларға Ресейді шынайы көппартиялық жүйе етіп көрсетуге бағытталған дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG