Accessibility links

Грузия Украинаға бақылаушыларын жібермейтін болды


Грузия Украинадағы президент сайлауының екінші кезеңіне бақылаушыларын жібермейтінін хабарлады.

Жексенбі күні украиналықтар Ресейшіл үміткер Виктор Янукович пен премьер-министр Юлия Тимошенконың бірін президент етіп сайлайды. Өткен айда сайлаудың бірінші кезеңінде Януковичтің "Аймақтар партиясы" жүздеген грузиялық бақылаушыларды сайлауға кедергі жасау үшін жіберілген арнайы күштер болды деп айыптады. Грузия бұл айыптауларды жоққа шығарды. Президент Михаил Саакашвилидің баспасөз хатшысының айтуынша, Тбилиси Украинадағы президент сайлауының бірінші кезеңінде түсінбеушілік болғандықтан бақылаушыларын бұл елге жібермеу туралы шешім шығарған. Грузия ешбір үміткерді қолдап отырған жоқ деді ол.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG