Accessibility links

Латвия Гуантанамодағы өзбек тұтқынын қабылдауға келісті


Латвия АҚШ-тың Гуантанамо абақтысындағы өзбек тұтқынын қабылдауға келісті деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс және өзбек қызметтері. АҚШ үкіметі басында Латвиядан үш тұтқынды қабылдауды сұраған болатын бірақ Рига тек бір тұтқынға ғана босқын мәртебесін беруге келісіп отыр. Латвияға жіберілетін өзбек азаматының аты-жөні жарияланбады.

Ол 2001 жылы АҚШ жетекшілігіндегі күштердің лаңкестерге қарсы операциясы барысында Ауғанстанда қамауға алынған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG