Accessibility links

Талибан: Пәкістандағы шабуылды біз жасадық


Пәкістандағы қыздар мектебі жанында болған жарылысқа байланысты жауапкершілкті Талибан өз мойнына алып отыр. Пәкістандық Талибан баспасөз хатшысы Азам Тариқ Reuters агенттігіне Талибан американдықтарға бағытталған осындай шабуылдарын одан әрі жалғастырады деп мәлімдеді.

Сәрсенбі күні елдің солтүстік-батысында орын алған жарылыстан құрбан болған кемінде 10 адамның арасында 3 американдық сарбаз бар деп хабарланған болатын. Лоуер Дир ауданындағы жарылыстан сондай-ақ кемінде 70 адам жарақат алды. Олардың 60-қа жуығы оқушы қыздар делінеді.
XS
SM
MD
LG