Accessibility links

Дағыстанда Әл-Қаида бүлікшісі өлтірілді


Ресей билік орындарының мәлімдеуінше, Дағыстанда Әл-Қаида бүлікшісі өлтірілген. ФСБ қауіпсіздік қызметінің мәлімдемесінде Сейф Ислам деп танылып кеткен Мысыр азаматы Махмуд Мохаммед Шабан мен оның дағыстандық сыбайласы Ибрагим Магомедов сейсенбі күнгі арнайы операция барысында өлтірілді делінген. Бұл операцияда сондай-ақ бір полиция қызметкері қаза тапты деп хабарланып отыр.

ФСБ Шабанды Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы Әл-Қаида лаңкестік желісінің негізін қалағандардың бірі деп сипаттайды. Бұл аймақта бүлікшілер Кремлді қолдайтын жергілікті билік орындарына шабуылдар ұйымдастырады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG