Accessibility links

Гаити премьер-министрі: зілзаладан 200 мыңнан аса адам қаза тапты


Гаити премьер-министрі Жан-Макс Бельрив, елде болған жойқын жер сікінісі 200 мыңнан аса адамның қазасына себеп болғандығын мәлімдеді. Тағы 300 мың адам түрлі жарақат алған.

12 қаңтардағы зілзаладан 250 мың тұрғын үй жермен жексен болып, Гаити азаматтарының кем дегенде миллионы баспанасыз қалды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонды Гаитидегі зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетудің халықаралық үйлестірушісі етіп тағайындады.

Клинтон – БҰҰ арнайы елшісі қызметінде – зардап шеккендерге қол ұшын беріп жатқан жекелеген мемлекеттер мен гуманитарлық ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестірумен айналысатын болады.

Бүгінде Гаитиде БҰҰ 12 мыңнан аса бітімгершілері мен 10 мың американдық әскерилері, гуманитарлық операцияларды үйлестірумен айналысып жатыр.
XS
SM
MD
LG