Accessibility links

Жастар азаптауға тиым салу күнін атап өтті


Ақпанның 4 - азаптауға тиым салудың халықаралық күні, «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық ұйым өкілдері Алматыда акция өткізді. 15 шақты адам қатысқан акцияға қор өкілдері, ақпарат құралдары, құқыққоғаушылар қатысты.

Адамның ар-намысын қорлайтын азаптау түрлерінің өте қауіпті екенін айтқан қор өкілдері, акцияның негізгі мақсаты осыны көпшілік назарына тағы бір мәрте салу деді. Акция бейбіт түрде өтті. Алматы қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінен келген маман акцияны ұйымдастырушыларға шараны заң аясында өткізуін ескертті.

4 ақпан - азаптауға тиым салудың халықаралық күні. Дәл осы күні осыдан 25 жыл бұрын БҰҰ қысымға тыйым салу туралы резолюция қабылдады. Ал 1998 жылы 26 тамызда Қазақстан адамдарға қысым көрсетіп, ар-намысын таптайтын жазалау түрлерін қолдануға тыйым салатын конвенцияға қол қойды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG