Accessibility links

"Фридом хаус" Қазақстанды БАҚ-на қысымы үшін сынады


Адам құқықтарын қорғайтын халықаралық "Фридом хаус" ұйымы сөз бостандығын қорғау туралы міндеттемелерін орындамағаны үшін Қазақстан үкіметін айыптады. Бұл туралы бейсенбі күні аталмыш ұйымның интернеттегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде айтылған.

"Қазақстан үкіметінің екіжүзділігіне таң қалса болады. Ол жоғары лауазымды американдық саясаткерлерді ЕҚЫҰ-ның демократиялық ұстанымдарын қолдауға ниеттеніп отырғандығы жөнінде сендіруге тырысуда, сонымен қатар ол ашық түрде өзіндегі бұқаралық ақпарат құралдарын қудалап жатыр. Бұл Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық туралы өзінің жаңа роліне дайын еместігін көрсетеді", - дейді "Фридом хаус" ұйымының өкілі Пола Шрифер.

Ұйымның мәлімдемесінде Алматыдағы аудандық соттың шешімімен бес бұқаралық ақпарат құралының, "Республика", "Голос Республики", "Взгляд", "Курсив" және "Курсив-Ньюс" басылымдарының өнімдеріне тыйым салынғандығы атап көрсетілген. Алматы қаласы Медеу аудандық соты президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың ар-ожданына нұқсан келтіретін ақпаратты жариялауға тыйым салу, осындай мазмұндағы мәлімет таратқан БАҚ өнімін тәркілеу туралы шешім шығарған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG