Accessibility links

Бейжің АҚШ сынауын қабылдамады


Қытай өзінің сауда және валюта саясатына қатысты АҚШ-тың сынауын жоққа шығарды.

Сәрсенбі күні АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі сауда ережелеріне қатысты Қытаймен қатаңырақ болатынын және АҚШ тауарларына нарығын ашу туралы Бейжіңге әрдайым қысым жасайтынын мәлімдеді. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы "айыптаулар мен қысым жасау проблемаларды шешуге көмектеспейді" деп атап көрсетті. Оның айтуынша, АҚШ шағымдарына қарамастан Қытай валютасының құны тиімді дәрежеде.
XS
SM
MD
LG