Accessibility links

Иран мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы мүмкін


Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаңа басшысының айтуынша, Ауғанстандағы қақтығыс пен ұйымның кеңеюі қауіпсіздік жөніндегі осы топтың алдағы жылдағы басты мәселелері болып табылады. Бас хатшы Мұратбек Иманалиев Бейжіңде өткізген баспасөз маслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Иран мен Пәкістанды мүше етіп алу мәселесін қарастырып жатыр деп атап көрсетті. Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Иманалиевтің айтуынша, ұйымның саммиті осы жылдың аяғында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері мүше.
XS
SM
MD
LG