Accessibility links

Ющенко сайлау туралы заңға толықтырулар енгізді


Украина президенті Виктор Ющенко сайлау туралы заңнамаларға толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл толықтырулар жексенбі күнгі президент сайлауының екінші кезеңіндегі дауыс берулерді бұрмалауға түрткі болуы мүмкін делінген еді.

Премьер-министр Юлия Тимошенконың айтуынша, оның қарсыласы Виктор Януковичтің "Аймақтар" партиясы соңғы толықтырулар арқылы сайлауды бұрмалауға дайындалып жатыр. Президенттіктен үміткер Тимошенко бүгін жексенбі күнгі сайлау бұрмаланса, халықты жаппай шеруге шақыратынын ескертті.

Президент сайлауының екінші кезеңінде Тимошенко оппозициялық жетекші Виктор Януковичпен бақталасатын болады. Сайлау алды науқаны барысында екі үміткер де бір-бірін сайлауды бұрмаламақшы деп айыптады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG