Accessibility links

Қазақстан халқының саны 16 миллионнан асты


Халық санағының нәтижесі бойынша Қазақстан халқының саны 16 миллионнан асқан. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов хабарлады.

2010 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 2009 жылғы халық санағының мәліметтерін қоса алғанда 16 миллион 196,8 мың адамды құрады деді Смаилов. Агенттіктің мәліметтеріне сәйкес, қазақтардың үлесі 63,6 пайызды, орыс диаспорасының үлесі 23,3 пайызды, өзбектер 2,9, украиндар 2 пайыз, ұйғырлар 1,4, татар диаспорасы 1,2, немістер 1,1 , сондай-ақ басқа да этностар 4 пайызды құрап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG