Accessibility links

Президент Назарбаев Норвегия ханзадасын қабылдады


Жұма күні Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Норвегия ханзадасы Хокон Магнусты қабылдады, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Мәртебелі қонақ екі елдің арасындағы дамып келе жатқан достық қарым-қатынастың алдағы уақытта нығайта түсетіндігіне сенім білдірді.

«Қазақстанның халықаралық маңызы өсіп келеді. ЕҚЫҰ-на төраға болу - Қазақстанның халықаралық деңгейдегі ықпалының артып отырғанының белгісі», - деді Х.Магнус.

Сондай-ақ ол Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі жұмысын өз елінде жоғары бағалайтындығын да атап өтті.
XS
SM
MD
LG