Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті Құлыбаевқа қатысты сот шешімін айыптады


Журналистерді қорғау комитеті бұқаралық ақпарат құралдарының президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың ар-ожданына нұқсан келтіретін кез келген ақпаратты жариялауына тыйым салу туралы Алматы Медеу аудандық сотының шешімін айыптап отыр.

Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитетінің Еуропа мен Орталық Азия бағдарламасы бойынша үйлестірушісі Нина Огниянова: "Біз сотты қабылдауға келмейтін бұл шешімін жоққа шығаруға шақырамыз. Бұқаралық ақпарат құралардының кез келген Қазақстан азаматы сияқты Тимур Құлыбаевты да мұқият зерттеуге құқығы бар. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалықта цензураға орын жоқ", - деп мәлімдеді.

"Самұрық-Қазына" қоры басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаев қытайлық компаниялардан пара алды деп айыпталып отыр.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG