Accessibility links

Шешенстанда Ресейдің 5 сарбазы қаза тапты


Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Шешенстанда бүлікшілермен арада орын алған қақтығыста Ресейдің 5 сарбазы қаза тауып, алтауы жараланған. Атыс Урус-Мартан ауданында болды деп хабарланып отыр.

Бейсенбі күні президент Рамзан Қадыров Ресейдің арнайы күштері Шешенстанда кемінде 6 исламшыл бүлікшіні өлтірді деп мәлімдеді. Рамзан Қадыровтың айтуынша, Солтүстік Кавказ республикасындағы тауларда тағы 15-ке жуық бүлікші іздестіріліп жатыр. Өлтірілгендердің арасында "араб лаңкестері" болуы мүмкін деді Қадыров.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG