Accessibility links

Ирақтағы сайлау алды науқаны уақытында басталмайды


Ирақ сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 7 наурызға белгіленген парламент сайлауының алдындағы науқанның басталуы кешіктіріледі.

Бұдан бұрын Ирақ соты Саддам Хуссейннің "Баас" партиясымен байланысы бар деп күдіктелген үміткерлерді сайлауға қатыстыру жөнінде шешім шығарды. Алайда үкімет бұл шешім заңсыз деп, жексенбі күні осы мәселеге байланысты төтенше отырыс өткізуге шақырды.

Суннит мұсылман топтары басым көпшілігі шииттер болған үкімет бақылауды өз қолында қалдырмақшы деп айыптаған-ды.
XS
SM
MD
LG