Accessibility links

Бүгін Украинада сайлау алды науқанының соңғы күні


Бүгін Украинада сайлау алды науқанының соңғы күні. Жексенбіде бұл елде президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. Оған премьер-министр Юлия Тимошенко мен оппозициялық үміткер Виктор Янукович түседі. Кандидаттардың екеуі де бүгін Киевтің орталығында шеру өткізеді.

Тимошенко мен Янукович бір-бірін сайлауды бұрмаламақшы деп айыптады.

Бейсенбі күні президент Виктор Ющенко сайлау туралы заңнамаға толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Тимошенко осы толықтырулар арқылы Янукович дауыс берулерді бұрмаламақшы деп айыптады. Янукович бұл айыптауларды жоққа шығарды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG