Accessibility links

Кербаладағы жарылыстан 20 адам мерт болды


Ирақ полициясының хабарлауынша, Кербала қаласында орын алған екі көлік жарылысынан кемінде 20 адам қаза тауып 75 кісі жарақат алған. Бұл қалаға діни салт-дәстүрін атап өту үшін жүздеген мың шиит зияратшылары жиналып жатқан болатын.

Осы аптада шиит зиыратшыларына осымен үшінші рет шабуыл жасалып отыр. Бұдан бұрынғы шабуылдардан 60-тан астам адам құрбан болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG