Accessibility links

«Свобода слова» газетін басқан баспахана жауапқа тартылмақ


Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев туралы мақаласы бар «Свобода слова» газетін басып шығарған «Время-Принт» баспаханасы сотқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы сенбі күні қазақстандық ақпарат құралдары хабарлап отыр.

Хабарларға қарағанда, бейсенбі күні сот орындаушылары «Свобода слова» газетін шығарған баспахана жетекшілігін әкімшілік жауапкершілікке тартатындықтарын айтып кеткен. Дегенмен жұма күні «Время-Принт» баспаханасына тағы келген сот орындаушылары баспахана жетекшілері заңды бұзып отыр деп, оның бірінші жетекшісі айыппұл төлеуі тиіс немесе 10 күнге дейінгі әкімшілік тұтқынға алынуы керек екенін ескертіп, хаттама толтыруға кіріскен. Бірақ жұмыс күнінің соңы болғандықтан, рәсімдеу шарасын дүйсенбіге қалдырған.

Осыған дейін қазақстандық ақпарат құралдарына қуғындағы Мұхтар Әблязовтың Тимур Құлыбаев туралы жариялаған ақпараттарын таратпауды ескерткен Медеу аудандық сотының қаулысы жөнінде құжат таратылған.
XS
SM
MD
LG