Accessibility links

Ішкі істер министрі Алматы жол полициясына заңбұзушыларды шеніне қарамай құрықтауды тапсырды


Қазақстанның ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Алматының жол полициясын қала көшелерінде тәртіп орнатып, заң бұзған жүргізушілерді қызметі мен шеніне қарамастан ұстау қажеттігін міндеттеді.

Бұл туралы сенбі күні Алматының ішкі істер департаментінің кеңейтілген мәжілісінде министр Баймағанбетов айтқан.

Министрдің айтуынша, жолда заң біреу ғана, оны әрбір жүргізуші сақтауы керек. Ол қолда бар деректерге сүйене отырып, бүкіл Қазақстанда тіркелген қылмыстық оқиғалардың 10 пайызы Алматыда орын алатынына тоқталды деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG