Accessibility links

Карачиде жұма күнгі шабуылдың құрбандары жерленді


Пәкістанның Карачи қаласында мыңдаған шиит жиналып, жұма күнгі жарылыстан қаза тапқан 25 адамды жерледі.

Бұл қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған билікке наразылық ретінде сенбі күні бернеше дүкен жұмыстарын тоқтатқан.
Шабуылға жауапкершілікті ел билігі талибандар мен әл-Қаида жауынгерлеріне артып отыр.

Жұма күні Карачиде екі бірдей жарылыс болып, қаза тапқандар саны 31-ге жетті. Онда шиит ғибадатшыларының арасына бір жанкешті мотоциклмен кіріп, жарылыс жасаса, екінші жанпидашы жаралылар ауруханаға жеткізіліп жатқанда жарылыс жасады.
XS
SM
MD
LG