Accessibility links

Саудабаев: Жовтистің түрмеге жабылуы оның қызметіне қатысты емес


Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев биліктің сыншысы болған белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтистің жол апатына байланысты қылмыстық ісі оның саяси белсенділігіне қатысты емес деді.

Саудабаев бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы кезіндегі басым бағыттары туралы айтқан соң мәлімдеді.

Батыс елдері төрт жылға сотталған Жовтистің ісінің саяси астары бар деп алаңдайды. Сейсенбі күні миллиардер Джордж Соростың демократиялық басқаруды алға тарту жөніндегі жекеменшік қоры Қазақстан билігін түрмедегі адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтисті босатуға шақырған.

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның басшысы Евгений Жовтис көлік жүргізу кезінде адам өліміне әкелген жол апаты бойынша айыпты деп табылып, 4 жылға түрмеге жабылған болатын.
XS
SM
MD
LG