Accessibility links

Тәжікстан елдегі ауғандық тұтқындарды Кабулға тапсырды


Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Тәжікстан өз елінде түрмеге жабылған 150-дей ауғандықты Кабулға тапсырды.

Бейсенбі күнгі тәжікстандық және ауғандық ресмилердің келіссөздерінен кейін олар Тәжікстан түрмесінен босатылып отыр. Ауған министрлігі тағы 100 шақты ауған тұтқынын тәжік абақтысынан шығарып, ауған ресмилерінің қолына тапсырылады деп күтіліп отырғанын айтқан. Бұл туралы Азаттықтың ауған қызметі хабарлады.

Тәжікстаннан әкелінген ол тұтқындар Ауғанстанның түрлі аймақтарында өз жазаларын өтейтін болады деп осы елдің Әділет министрлігі айтты. Тәжікстан шекарасында ұсталған ауғандықтардың көбі есірткі тасымалына қатысты сотталған.

Тәжікстан Ауғанстан есірткісін Ресей мен Еуропаға шығаратын басты жол болып отыр.
XS
SM
MD
LG