Accessibility links

Совет маманы: қалдықтарды төгу қалыпты жағдай болған


Совет кезінде химиялық қару маманы болған Вил Мирзаянов 1990 жылдары совет әскері Балтық теңізіне химиялық қару мен радиоактивті қалдықтар төккен деген ақпаратты растап отыр.

Осыған дейін швециялық телеарнада бұрынғы Совет әскерінің Латвияда болған базасының қайықтары 1989-1992 жылдары Балтық теңізінің Готланд аралы маңына өте қауіпті радиоактивті қалдықтар әкеп төккен деген деректі фильм көрсетілді. Мирзаянов сол кездері ондай заңсыз химиялық қаруды тығу мен улы заттардан құтылу үшін совет әскері қауіпті қалдықтарды төгіп жүретін деді.

Ресейдің құпия химиялық қару лабораториясының сарапшысы болған, 75 жастағы Мирзаянов 1991-1992 жылдары Ресейдің жаңа химиялық агенттерін дамытуы жайында мақалалар жазған. Кейін ол мемлекеттік құпияны таратты деп қамауға алынып, халықаралық шу көтерілген соң босатылып, 1996 жылы Құрама Штаттарға кетіп қалған. Енді химиялық қару маманы Балтық теңізіне жақын жоспарлы «Солтүстік ағыс» газ құбыры жобасы бұл аймақтан өтетін болса, апатты жағдай болады деп отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG