Accessibility links

Ауған күштері қателесіп 7 бозбаланы өлтірді


Бүгін Ауғанстанның ресмилері хабарлағандай, шекара қызметкерлері оңтүстіктегі қалада таң алдында болған атыста жеті бозбаланы абайсызда атып өлтірген. Шекара полициясы ол топты өздерін торуылға алмақ болған бүлікшілер деп ойлап қалып оқ атқан.

Шекара қызметінің басшысы Разиқ шекара сақшылары оқ атқанда ол балалар ағаш жинап жүрген екен дей келе, оқ атқандар қамауға алынды деді. Және тергеу жүріп жатқанын айтты.

Пәкістан шекарасына жақын Ауғанстанның Қандағар провинциясындағы Спин Болдак қаласы аймағында ауғандық шекара күштері мен талибан жауынгерлері жиі қақтығысады.
XS
SM
MD
LG