Accessibility links

Иран уран байыту жұмысын қайта бастайды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад әлемнің ықпалды елдері “ойын ойнап” отырғанда, өз елі уран байыту жұмысын қайта қолға алғанын айтты.

Бұл туралы жексенбі күні Теһрандағы лазерлік технология бойынша өткен конференцияда сөйлеген сөзінде Ахмадинежад, елдің атом агенттігіне уран байытуды 20 пайыз деңгейінде бастауға нұсқау бергенін айтты.

Сенбі күні Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы аясында МАГАТЭ басшысы Юкио Амано мен Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки кездескен. Кездесуден кейін Амано "Иран тарабы осыған дейін халықаралық ұсыныспен келісетінін айтқанымен, өзінің уранын байыту үшін үшінші елге шығаруға байланысты нақты ұсыныстар айтпады" деді.
XS
SM
MD
LG