Accessibility links

НАТО шабуылынан қорғанған ауғандар үйлерін тастап шығуда


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хельманд провинциясының тұрғындары елдегі талибандарға қарсы НАТО мен ауғандық күштердің бірлесе жүргізетін операциясы қарсаңында баспаналарын тастап, аймақтан кетіп жатыр.

Франциялық ақпарат агентігінің хабарлауынша, 80 мың тұрғыны бар Марджа қаласының жүздеген адамы бас сауғалап кеткен.

Сонымен бірге талибандар өкілі де өздерінің жауынгерлері қала маңына жиналып, қарсы соққы беруге дайындалып жатқанын айтқан.
XS
SM
MD
LG