Accessibility links

НАТО: ғаламдық қауіпсіздік саласында байланыстарды кеңейту керек


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен одақтастарын Қытай, Үндістан және Пәкістан сынды елдермен ғаламдық қауіпсіздік саласындағы байланыстарды кеңейту керек деп айтты.

Жексенбіде Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеген Расмуссен солтүстік атлантикалық альянс халықаралық саяси аренадағы басқа да маңызды ойыншылардың белсенді қатысуынсыз қауіпсіздік саласындағы бүгінгі күнгі талаптарға нәтижелі жауап бере алмайды деді.

Расмуссен Қытай, Ресей және Үндістанды Ауғанстандағы жағдайды реттеуге көбірек үлес қосуға шақырды. Сенбі күні Мюнхен қауіпсіздік конференциясының басты тақырыбы Иранның ядролық бағдарламасына қатысты болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG