Accessibility links

Апатқа ұшыраған Эфиопия ұшағының қара жәшігі табылды


Ресмилердің хабарлауынша, іздеу тобы Ливан жағалауынан өткен айда жерорта теңізіне құлаған Эфиопия әуежолдарының 90 жолаушысы болған ұшағының қара жәшігін тапты.

Ливанның көлік министрі Ғази Аридидің айтуынша, енді ұшақтың құлауына не себеп болғанын анықтайтын соңғы ақпараттарды жинаған қара жәшік су бетіне шығарылып, мәліметтерін тексеру қолға алынады.

Боинг 737 ұшағы қаңтардың 25-де әуеге көтерілген соң апатқа ұшыраған.
XS
SM
MD
LG