Accessibility links

Мәскеуде пойыз бағасының өскеніне наразылық танытылды


Жексенбі күні Ресей астанасында қала шетіне жүретін пойыздарға билет бағасының өскеніне қатысты наразылық шарасы өтті. Биліктің рұқсаты берілген бұл пикетке "Левый фронт" қозғалысы мен басқа да оппозициялық ұйымдардың 40 шақты белсендісі қатысты.

Оппозициялық вебсайттардың жазуынша, шерушілер "Ресейдің теміржолдары" компаниясының алдына жиналып, билет бағасын өсіруді тоқтатып, тарифті өсіргені үшін адамдарға өтемақы төлеуді талап еткен.

Жаңа жылдан бастап қала шетіне жүретін пойызға билет бағасы екі есеге көтерілген.
XS
SM
MD
LG